Weekend

Шымкентте әлемге танымал қонақ үй желісі ашылды

Қонақ үй бренді турист тартуға көмектеседі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда қонақ үй индустриясын дамыту бойынша бүгін еліміздің Тәуелсіздік күніне орай үшінші мегаполисте әлемге әйгілі америкалық Ramada желісінің қонақ үй кешені ашылды.

Төрт жұлдызды халықаралық премиум-классты қонақ үйдің ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала басшысы инвесторларды және құрылысқа қатысқан барлық азаматтарды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар, әкім қонақ үйдің шаһарымызда бой көтеруі қала инфрақұрылымына салынған зор инвестиция екенін атап өтті.

- Бүгінгі таңда қонақжайлық индустриясы экономикамыздың дамуының әлеуетті және болашағы зор салалардың бірі болып танылып отыр. Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды бөлігі ретінде жүреді. Бүгінде мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамыту бойынша көптеген қолдау көрсетілуде. Кәсіпкерге осы істі дамыту үшін "Даму" қорынан қаржылай көмек берілгенін де айтқым келеді, - деді Ерлан Қуанышұлы.

2200 жылдық тарихы бар көне шаһарға 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы жылының өтуіне орай туристер көптеп келетінін айтқан қала басшысы туристік инфрақұрылымды барынша жақсартуды атап өтті.

Шетелдік қонақтарды жоғары деңгейде күтіп алу үшін өңірдегі әуежай және теміржол желілерінде сапалы қызметтер көрсетілуін, бұл тұрғыда қонақ үйлердің де деңгейі жоғары болуы үлкен мәнге ие екенін айтты.

Әлемдік желідегі Ramada қонақ үйі Алматы қаласынан кейін Шымкентте салынып отыр. Қонақ үйді инвестор жергілікті биліктің көмек-қолдауымен екі жыл ішінде көтерді.

Барлық талаптарға сай келетін қонақ үйде 89 бөлме болса, оның бесеуі - VIP нөмірлер. Сонымен қатар мұнда SPA салоны, фитнес клуб, массаж, бильярд, 2 мейрамхана, караоке бар және түнгі клуб орналасқан.

Айта кетейік, әлемнің 63 елінде аталған франшизамен ашылған 800 қонақ үй бар.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61