Weekend
Мәдениет
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comШымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде тәуелсіздікке орай «Төл тарихқа тағзым» атты қабырғаны салтанатты түрде ашып, лентасын қиды.
Шарада алдымен мектеп директоры Балқан Маратұлы сөз алып, өткен күндердің беттерін парақтады. Оқушылар жағы болса, тарих туралы өлең-жырдан шашу шашып, жиналған қауымның есіне ғасырлар бұрынғы оқиғаларды еске түсірді.
Мектеп қызметкерлеріне қойылған сауал өткен заманның қиыншылығы, қазақ халқының саны жайлы деректермен қанығуға мүмкіндік берді.
Салтанатты шара барысында мектебіміздің вице-президенті Әли Сүлеймен қазақ тарихында орын алған елеулі оқиғалармен таныстырды. Әсіресе, халқымыздың демографиялық көрсеткіші жайлы мол мағлұмат берді.
Қазақ халқы өз тарихында бірнеше рет жойылып кету қаупін басынан кешірді. Олар 1723-1727 жж. Ақтабан шұбырынды, яғни Жоңғар шапқыншылығы, 1921-1922 жж. және 1932-1933жж. ашаршылық қасіреттері, 1937ж. Сталиндік репрессия, 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы, салдарынан Қазақстанға көптеген халықтарды депортациялар оқиғалары тарихымызда өшпес орын алады.
Тақырыптық қабырғаның мақсаты бүгінгі күнгі жас ұрпақтың Отан алдындағы борышы мен жауапкершілігін арттыру.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61