Саясат

Адамзат тарихындағы ең үлкен 18 империя

Әлемнің көп аумағын жаулап алған азулы империялар

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Жер жүзінің әртүрлі бөліктерінде кең-байтақ аумақты басып алған ірі отаршыл мемлекеттер әр ғасырда пайда болды, алайда олардың дәуірі ұзаққа созылмады. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, әлемдік державалардың отарлау және жаулап алу саясаты, сонымен қатар геосаяси мүдделерге көшу империялардың құлдырауына әкелді. 

Назарларыңызға ең қуатты болған 18 империяның рейтингін ұсынамыз.

Түрік қағанаты

Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған. Түрік қағанаты 6 млн.шаршы шақырым аумақты қамтыды.

Хань империясы

Хань әулеті — Қытайды біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылдан біздің заманымыздың 220 жылына дейін билеген императорлық әулет. Оның аумағы 6,5 млн. шаршы километр алаңға дейін созылды. Батыс немесе Ерте (Үлкен) Хань және Шығыс немесе Кейінгі (Кіші) Хань болып бөлінді. Қытай тарихнамасында Ван Ман билеген уақыт пен одан кейінгі Лю Сюань билік еткен екі жыл ерекше кезең болып көрсетіледі және бұл жағдайда Батыс Хань әулеті біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылдан біздің заманымыздың 8 ғасырына дейін биледі деп есептеледі. Әулеттің негізін салушы — Лю Бан елді біріктіріп, орталықтанған күшті империя құрды.

Мин әулеті

Мин әулеті 1450 жылы 6,5 млн. шаршы шақырымға жуық аумақты қамтыған ірі империялардың бірі болды. Бірақ экономикалық күйреу және табиғи апаттар XVII ғасырдың басында оның ыдырауына ықпал етті.

Сасанидтер мемлекеті

Сасанидтер мемлекеті 621 жылы құрылып, аумағы 6,6 млн.шаршы шақырым алаңға дейін созылды. Бұл империя 651 жылы экономикалық құлдырау мен Араб халифатының жаулап алуы салдарынан құлады.

Жапон империясы

Жапон империясы тарихтағы ең ірі теңіз империяларының бірі болды. 1942 жылы одақтастар алдында 7,4 млн.шаршы шақырым аумақты қамтыды.

Ахеменидтер державасы

Бұл империя алғашқы Парсы империясы ретінде белгілі. Б.з.д 330 жылы Ахеменид державасы Александр Македонскийдің империясына кірді, ал оның өлімінен кейін 323 жылы эллиндік Селевкид мемлекетіне қосылды. Оның аумағы 8 млн. шаршы шақырым жерге созылды.

Француз империясы

Бірінші француз отарлық империясы Ұлыбританиямен соғыстар сериясының алдында 1754 жылда 8,1 млн. шаршы шақырым жерді қамтыды. Бұл екі елдің жаңа әлемдегі өз отарларының үлкен бөлігін жоғалтуына алып келді.

Бразилиялық империя

Бразилиялық империясы Португалиядан тәуелсіздігін алғаннан кейін, 1822 жылда 8,5 млн.километр жерді қамтыды. Дегенмен 1889 жылдағы төңкеріс нәтижесінде империя ыдырап кетті.

Португалия империясы

1815 жылы Португал империясының аумағы 10,36 млн. шаршы километрге дейін жетті. Ал соңғы 150 жылда ол Бразилия мен көптеген колониялардан айырылды.

Аббасид халифаты

Аббасид халифаты 850 жылы аумағы 11,1 млн. шаршы шақырым жерді қамтыды.  Ал 1517 жылы Осман империясы астанасы Каирды басып алды.

Екінші Француз отарлау империясы

Екінші Француз отарлау империясы 1938 жылы 13 млн. км. шақырымға созылды. Дегенмен екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары имеприя көп аумағынан айырылып, ыдырап кетті.

Юань империясы

Юань Әулеті – XIII-XIV ғасырда Қытайда билік жүргізген моңғол әулеті. Әулеттің негізін Шыңғысханның немересі Құбылай қалады. 14 млн. шаршы километр аумақты бақылаған алғашқы әулет.

Цин империясы

Цин әулеті-Қытайдың соңғы императорлық әулеті. 1790 жылы империя 14,7 млн.шаршы шақырым аумақты қамтыды. Ол 1912 жылы орын алған көтерілістерден кейін құлады.

Омейяд халифаты

7 ғасырда құрылған Омейяд халифаты 750 жылы Аббасид талқандағанға  дейін 15 млн. шаршы километр алаңға созылды.

Испан империясы

18-ші ғасырда испан империясы Жер шарының 13% — ына, яғни 20 млн.шаршы километрге иелік еткен. 19-шы ғасырда тәуелсіздік үшін испандық-американдық соғыстардың нәтижесінде аумақтардың көп бөлігін жоғалтты.

Ресей империясы

1866 жылы Ресей империясының аумағы  22,8 млн.шаршы шақырым алаңды құрады. 1917 жылы революция нәтижесінде империя ыдырап кетті.

Моңғол империясы

1279 жылы Моңғол империясы Жапон теңізінен Шығыс Еуропаға дейін 32,9 млн. шаршы шақырым алаңға созылды. 

Британ империясы

 

Британ империясы 1922 жылы жер құрлығының 23% — ы 33,7 млн. шаршы километрден астам алаңды қамтыды.