Weekend
Елбасының өмірбаяны айтылды
«Елбасы – ел тірегі». Осындай атаумен Тұңғыш Президент күніне арналған форум өтті. Басқосуға Елбасының курстасы, шойын өңдеу зауытында бірге жұмыс істеген әріптесі Төлеби ауданы, Керегетас ауылының тумасы Амидулла Ермаханбетов келді.
Жиынға қатысқандар алдымен Ұлт көшбасшысының өмірлік жолымен арнайы дайындалған бейнематериалды тамашалады. Кейін Қарағанды металлургия зауытында еңбек жолын президентпен бірге бастаған курстасының баянды әңгімесіне қанықты.
Форум қонағы Амидулла Ермаханбетовтың айтуынша, Елбасы өте қарапайым, ешқашан көкірек керіп, менсінбеушілік танытпаған. Ақжарқындығымен кез-келген ортада сөз тауып, бауымалдығымен ерекшеленіп тұрады. Курстасы Нұрсұлтан Назарбаевты зерек, білімге құштар, достыққа берік деп сипаттады.
- Қанша жылдан бері Елбасымен қарым-қатынасты үзген жоқпыз. Сыныптастары Үшқоңырда Шамалған ауылындағы мектепті бітірген. Біз олармен де жақсы араласамыз. Жылда наурыз айында бас қосамыз. Мұндай басқосу дәстүрге айналған. Сыныптастары 42 еді, қазір 23-24-і ғана қалды. Соның ішіндегі Елбасының ұстазы Сейтхан Исаев биыл жазда 104 келіп қайтыс болды. Кездесуде сыныптастары Елбасы туралы естеліктерді жиі айтады. Үнемі Нұрсұлтан сабаққа дайындалып келеді екен. Ұстаздар сабақ сұраса, бүкіл сынып үшті қанағат тұтып, Нұрсұлтан айта болды деп әзілдейтін көрінеді. Бір адамның басына осыншама білімді, біліктілікті, дәулетті беріп қою мүмкін емес. Назарбаевтың туған жері, ағайын туыстарының арасында да талай басқосуға шақыртылдық. Осындай әсерлі әңгімелерді естігенде Нұрсұлтанның бұл өмірдеге Алланың жібергені жайдан жай емес екеніне көзіміз жетті, - дейді Елбасының курстасы Амидулла Ермаханбетов.
Сондай-ақ, мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы, 11А сынып оқушысы Кеңесбек Нұрсәт Елбасының қызметі туралы баяндама жасады. Форумда Елбасының бастамасымен жүзеге асқан жобалар жайлы да сөз қозғалды.
Жиын соңында Амидулла Ермаханбетов жеткіншектерге батасын беріп, ұлт бастайтын көшбасшы болуға тілектес екенін жеткізді.