Weekend
Жыр мүшәйрасы
Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ҚР Тұңғыш президенті күніне жас ақындар мүшәйрасы өтті.
"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" тақырыбындағы мүшәйраға 10-нан астам жас қаламгер қатысты. Олар Ұлт көшбасшысына арнаған өлеңдерін оқып, әділқазылар алқасының бағалауына ұсынды.
Оқушылардың Елбасына арнаған жырларының бір парасы төмендегідей болды:
ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАНДА
(авторы Темірболат Қуандық, 7С сынып оқушысы)
Тәуелсіздік алғанда
Сенім арттық біз сізге.
Болашағын қазақтың,
Өзіңізге тапсырдық.
Көк туымыз желбіреп,
Көтерілді аспанға.
Тіліміз де, дініміз де, қайта оралды өзімізге
Бәрі сіздің арқаңыз.
Халық үшін аянбай,
Еңбек еттіңіз таянбай.
Міне енді өзіміз де,
Жеттік талай жетістікке.
ЕЛ БАСҚАРҒАН КӨРЕГЕНДІ ЕЛБАСЫ
(авторы: Жанерке Амангелді, 7С сынып оқушысы)
Еңсе түскен, көкірек кернеп ашынған,
Басынғанға жалтақтаған ғасырдан.
Дінім, ділім көр соқырша күн кешкен,
Тоқыраулы күндерді шығарар ма ел естен?
Атқа қонып ата-бабам айқасты,
Білек күші, ал қолында найзасы.
Ұрпағы үшін аянбаған қан төккен,
Елегені – егемендік айнасы!
Ел басқарған көрегенді Елбасы,
Арқасында барыс елге айналдық.
Жас болсаң да қазақ елі көркейші,
Асқаралы аламанға айналып!
Тәуелсіз елде бейбіт өмір кешкенім,
Елін сүйген Елбасының арқасы,
Өлшенбестей өркендейді еліміз,
Разы болған, барша қазақ баласы!
"Мен қазақпын!" деген ұран ұстанып,
Жарияға бар даусыммен жар салам!
Алла берген жерім менің кең байтақ,
Сыйып кетер, мына тұрған бар ғалам!
Сол ғаламды сауатты етіп басқарған,
Ел сыйлаған Елбасымдай атам бар!
Ал атамның барлық игі істеріне,
Демеу болар әрқашан, өзін сүйген халқы бар!
ЕЛБАСЫНА АРНАУ
(Асқар Бердібек, 10F сынып оқушысы)
Бар әлемді қарата алған өзіне,
Терең тылсым мағына бар сөзінде.
Елім деген, ел бастаған елбасы,
Бұл туындым арналады өзіңе!
Халқын әркез жетелеген арманға,
Елеулі орын қалдырдың бұл жалғанда.
"Елін сүйген, елі сүйген елбасы!"
Тек сізбенен орындалған армандар!
Тоқсан бірде ел қылмаққа еңбек қып,
Болса дағы талай күмән, көп күдік.
Теңге жасап, төл валюта шығарып,
Халқына бейбіт өмір жасап бермек қып.
Ел жүрегін тұрғыздың ару – Астана,
Ұлы ел екенін дәлелдеп, өзге ел-жұртқа.
Тағы да бір игі істі қолға алып,
Зияткерлік мектеп аштың жастарға.
Алтай мен Арқа, Атырау, Ақтау арасын,
Дамытқан байтақ қазақтың кең даласын.
Елу елдің қатарына енгізіп,
Зайырлы еткен ата-анасын, баласын.
Ассамблея құрып, ел бірлігін жақсартып,
Полигон жауып, бомбадан мәңгі бас тартып.
Керемет халге жеткізген Қазақстанды,
EXPO өткізіп, елін мәңгі мақтан қып!
Елбасы, әркез қарыздар сізге қазағым,
Сіздей ұлы адам бола алады екен дара кім?
Өз жолын салған бес күндік жалған өмірде,
Әбішұлы Нұрсұлтан мәңгі жасасын!!!
МЕНІҢ ЕЛБАСЫМ
(авторы: Алмас Дініқұл, 8D сынып оқушысы)
Елбасыны қадірлейік,
Істегенін қастерлейік.
Әрбір жеткен жетістігін,
Үлгі етіп, сезінейік.
Қазақ елі, арман елі,
Елбасы - нағыз халық ері.
Саналады біздер үшін,
Мәртебесі асқан сері.
Қазақ елі жайын күтіп,
Отаным деп жүрек жұтып.
Қазақстанды аялайды,
Адамдар оны бағалайды.
Елі үшін барын берген,
Армандарын мақсат еткен.
Адамдарға үлгі болып,
Елбасы боп атап кеткен.
Биік шың мен белестерге,
Халықпенен жеткен кезде.
Бұдан артық арман бар ма?
Мақтан тұтып жүрген елге.
Байқау қорытындысы апта соңында белгілі болады. Қазылар алқасы әрбір ақынның өлеңіне талдау жасап, жүлдеге лайықты қаламгерді анықтайды.