Weekend

Шымкент қаласының мектеп-лицейінде тарих пәнінің он күндігі ашылды

Білім беру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N52 мектеп-лицейінде «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге!» атты тарих және география пән бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті.

Іс шара барысында «Хандар мен билер шеруі» ұйымдастырылып, мектеп әкімшілігі мен оқушылары арасында уақыт кеңістігінде әңгіме-сұхбат жүргізумен басталды, тарихи тұлғалар оқушыларға сұрақтар қойып, сұрақ-жауап алмасып дұрыс жауап берген оқушыларға мектеп-лицей басшысы Айнұр Жарылқасынқызы өз сый-сыяпатын жасады.

Сонымен қатар оқушылардың ән-билерімен жалғасын тапты. Онкүндік барысында бірлестік мүшелері түрлі сайыстар, дөңгелек үстел, ашық сабақтар өткізуді жоспарлап отыр.