Weekend
Білім беру
Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Шымкент қаласындағы №80 мектеп-лицейінде STEM-кабинеті іске қосылды.
STEM-зертхана жобасы балалар мен ата-аналарға мамандық таңдауға, инженерлік іске бағыт беруге, модельдеуге, бағдарламалауға, робототехникаға үйретуге көмек көрсетеді.
STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату.
Қазақстанда да STEM-білім берудің белсене дамуы басталды. Бұны Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында STEM контекстінде мектептегі білім берудің мазмұнына өту дәлелдейді. Жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін оқу бағдарламасына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық үлгілеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді енгізу жоспарланды.