Weekend

Шымкенттегі Назарбаев мектебінде «Әбіш оқулары» өтті

Ұлы дала ақындары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде жастар мәнерлеп оқу сайысында бас қосып, өз өнерлерін көрсетті. «Ұлы дала ақындары» жобасы аясында кітапхана қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырылған бұл іс-шараның мақсаты – халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың мол әдеби мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, халқымыздың рухани байлығын арттыру.


20-дан астам сайысқа қатысушылар артына өшпес мұра қалдырып, халқының ғана емес, әлем жазушысына айналған сан қырлы талант иесі Әбіш Кекілбаевтың жыр шумақтарын нақышына келтіріп оқыды. Оқушылардың рет-ретімен сахнаға шығып, жиналған қауым құрметіне жолдаған өлең жолдарын әділқазылар алқасы бағалап, мықтыларға арнайы мақтау қағаздарын табыстады. Барлық сайысқа қатысушыларға алғыс білдіре отырып, ақын шығармалары мен өлеңдерін үнемі оқып, жаттап жүруге шақырды.

Көптеген тақырыптарға қалам сермеген ақынның адам жанының шындығын танытатын, өшпес, өлмес өр рухты өлеңдері көрермендерді тебірентпей қоймады. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта ақын шығармаларын насихаттайтын басқа да сан алуан іс-шаралар жоспарланғанын айтып, қатысып, белсенділік танытуға шақырды.