Weekend
Білім беру мен тәрбие
Шымкент қаласында кадет қозғалысы дамып, жыл сайын жаңа сыныптар қосылуда. Қазіргі уақытта Шымкентте 10 кадет сыныбы жұмыс жасайды.
Шымкент қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Асия Алиеваның айтуынша, кадет сыныптары оқушыларға азаматтық-патриоттық тәрбие беруге көп мән береді. Кадет оқушылары сабақ оқып, физикалық дайындықтан, құқықтық тәрбие мен медициналық көмек көрсету дағдысынан өтеді.
- Кадет сыныбында оқитын оқушылардың барлығы арнайы киім үлгісін киеді. Бұл тәртіпке бағыну мен құрдастарына үлгі болуға септігін тигізеді. Ал ант берген оқушылар жауапкершілігі мол міндет атқарып жүргенін түсінеді. Меніңше, кадет сыныбы балаларға тәрбие беруге ықпал ететін құралдардың бірі. Бала кішкентай кезінен бастап адамгершіліктің, қоғам мүшелеріне көмектесу мен қолғабыс етудің, істеген ісің үшін жауап беру керектігін сезініп өседі. Қазіргі оқушылар кейін құқық қорғау органдарында қызмет ететін маман болып шығуы мүмкін, - дейді испектор.