Weekend

Шымкентте Бейнелеу өнері мұражайында қалалық көрме байқауы өтті

Дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатқан байқауға бұл жылы 793 жұмыс ұсынылған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте Бейнелеу өнері мұражайында «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты қалалық көрме байқауы өтті. Сайысқа шаһардағы 61 мектеп пен қосымша білім беру мекемелерінен 11-17 жас аралығындағы балалар қатысып, бақатарын сынады.

Дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатқан байқауға бұл жылы 793 жұмыс ұсынылған. Ол жерден балалардың ұшқыр қиялы мен еркін ойынан шыққан туындыларды кездестіресіз. Әсіресе  түрлі жапырақтар мен тал-дарақтардан, тамырдан қиып жасалған бұйымдар еріксіз көздің жауын алады. Оған қоса табиғи заттар мен балалардың салған суреті  қолдан жасаған бұйымдар сарапшылардың көңілінен шықты. Басты мақсатымыз –жасөспірімдерге экологиялық тәрбие мен білім беріп, қоршаған ортаны қорғау үйрету және шығармашылықтарын шыңдау,  дейді ұйымдастырушылар.

Байқауға төрелік еткен экологтар  мен жоғарғы санатты ұстаздар көрмедегі туындылардың  ерекше әрі бір-бірінен асып түсетінін айтады.  Өйткені жасөспірімдер ұшқыр қиялға ерік берген. Сонысымен де құнды.

“Байқауда сапалы, жақсы жұмыстар жинақталған. Оларды бағалау оңайға соқпасы анық. Бір номинацияның өзінде 200-ге жуық жұмыстар бар”, – дейді ұйымдастырушылар

Сайыстың шешімі 2 күннен соң белгілі болады. Қатысушылар әртүрлі деңгейдегі 5 аталым бойынша марапатталады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61