Weekend

Шымкент қаласы: «Замануи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары»

Қаладағы мектептерде Президент күніне арналған ашық сабақтар өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы 9 лицейде 29.11.2019 жылы сағат 11.00 жалпыреспубликалық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Замануи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары» тақырыбында ашық сабақтар барлық сыныптарда өтті.

Ал 11 сынып оқушыларына, болашақ лицейдің дарынды түлектеріне арнайы лицейдің мәжіліс залында салтанатты түрде патриоттық сабақ өткізілді. Сабаққа лицейдің қамқоршылық кеңес төрағасы Б.Ж.Отыншиев, «Vivat Lizeum 9» қоғамдық қорының төрағасы Б.П.Сеитов, лицей директоры А.С.Аманкулова қатысты. «Қазақстан патриоты» деректі фильмдер көрсетілді, 11 сынып оқушылары Елбасының өмір жолы туралы баяндама жасады. Лицей президенті Байқара Мағжан Елбасыға арнау айтты.