Weekend

Шымкентте «Шарықта, шалқар шабытым!» атты фестиваль өтті

Байқауда бақ сынаушылар үш түрлі номинация бойынша өнерлерін көрсетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияда «Шарықта, шалқар шабытым!» атты фестиваль өтті. Аталған  шараға көзі көрмейтін және әлсіз көретін зағип жандар қатысты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», «Туған жер» бағдарламасын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған шараға қала әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысып, жас таланттардың өнерін тамашалады.

«Бүгін біз ерекше жандардың рухани дамуына демеу көрсетіп, олардың бойындағы қабілетін, өнерін ел арасында насихаттау мақсатында дәстүрлі түрде аталған фестивалді өткізіп келеміз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс деген болатын. Осы мақсатта қаламызда біршама оңды жұмыстар атқарылуда», – деді шаһар басшысы.

Байқауда бақ сынаушылар үш түрлі номинация бойынша өнерлерін көрсетті. Атап айтар болсақ, «Шалқар шабытпен толғаған жырлар» атты бөлімде «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясында таңдалған Әбділдә Тәжібаевтың өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқыды. «Өшпейтұғұн, өлмейтұғын-әндер ай!» бөлімінде дәстүрлі және халық әндерін орындады. Ал, «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны» атты қолөнер сайысында қатысушылар алма мен қызғалдақтың символын жасады.
Қатысушылардың өнерін бағалаған әділ қазылар өнерпаздардың сахналық киімдері мен орындау шеберліктеріне, дауыс үйлесімділігіне ерекше мән берді.