Саясат

Шымкенттегі “Қажымұқан” және “Металлург” стадионы қайта жаңартудан өтеді

2020 жылы Шымкенттегі үлкен екі стадион қайтадан жаңартудан өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шырайлы өлке Шымкент қаласының ең үлкен стадионы – Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион.

Қазақ күресін барша жұртшылыққа мойындатқан Қажымұқан атамыздың атындағы аренаның негізі 1967 жылы қаланған болатын. Шымшаһардағы бұл алаң бір уақытта 20 000 жанкүйерді қабылдай алады. Аталған алаңның көлемі – 105х68, сиымдылығы – 24 000, алғашында 32 000 көрерменге лайықталған стадион қайта жөндеу жұмыстарынан кейін ағаш орындықтардың орнына пластикалық орындықтар қойылып, сиымдылығы біршама қысқарды.

Тығыздығы жағынан Қазақстанда 3 орынды алатын стадион. 2020 жылы  осы Шымкенттегі  “Қажымұқан” және  Кеңестік дәуірдің көзі болған “Металлург” стадионы қайта жаңартудан өтеді. Қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалаптастыруды көздеген қала басшылығы алдағы уақытта мұнда спортшылар үшін бар жағдай жасалады дейді. “Металлург” стадионы  көне  болғанымен орналасқан жері мен ауасы таза алаңда таңсәріден жаттығу жасап жүрген ересектер мен жастарды көру қиынға соқпайды.  Салауатты өмір салтын ұстанғандар үшін баға жетпес құнды орын.