Weekend
Қаладағы мектепте Президент күніне семинар өткізілді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСеминардың негізгі мақсаты - жас ұрпаққа Н.Ә.Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады. Бағдарламаға сәйкес семинарға келген қонақтарымызды алдымен «Жас Ұлан» ұйымы мектеп тынысымен таныстырып өтті. Негізгі бөлімде, келген қонақтар сапалы білім берудегі озық тәжірибелі үздік ұстаздарымыздың тәрбие сағаттарына, зияткерлік сайысқа, көшбасшылық ашық коучингке, танымдық, ерлік сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар 2-сынып ата-аналары арасында өткізілген «Биікке самға» атты эстафеталық сайыстың куәсі болды. Семинардың қорытындылау бөлімі «Елбасы жолы - ертеңге өнеге» атты мерекелік концерттік бағдарламасымен өз жалғасын тапты. 5-сыныптың үздік оқушылары Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымының антын қабылдап, қонақтарымыз жылы лебізбен оқушыларымыздың галстуктарын тағып берді.
Шымкент қалалық білім басқармасы әдістемелік орталығының директоры М.А.Медетбекова жиналған қауымды мерекемен құттықтап, мектеп басшысы Ғалымжан Бауыржанұлына қалалық семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін және кәсіби шеберлік көрсетіп, белсенділік танытып, тәжірибесімен бөліскен мектеп ұжымына өз алғысын білдірді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61