Weekend

Туған жер: «Шығыстың күретамыр Шымқаласы» атты кітап таныстырылды

Рухани жаңғыру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасы аясында ұйымдастырылған «Шығыстың күретамыр Шымқаласы» атты кітап көрмесімен Шымкент қаласы  орталықтандырылған көпшілік кітапханлар жүйесінің №8 кітапхана бөлімшесі қаламыздағы Орталық саябаққа барып, қала тұрғындары мен қонақтарына таныстырды. Шымқаланың тарихы мен бүгінгі әсем келбетінен сыр шертер кітаптар мен қаламыздың жылуы мен сұлулығын өлеңдеріне арқау еткен ақындарымыздың шығармалары көпшіліктің қызығушылығын туғызды.

Кітапханашы Г.Жұмабаева 2200 жылдық тарихты арқалаған Шымкент – Қазақстан мен Орта Азиядағы ең көне әрі ірі қалалардың бірі. Бұл туралы 2014 жылы археологтардың Халықаралық ғылыми конференциясында  айтылды. Шымкенттің 2200 жылдық тарихы ескі шаһар аумағындағы археологиялық зерттеулерден табылып отыр. Шымкент қаласы жыл өткен сайын көркеюде. Сәулеті мен әлеуеті қатар дамыған көрікті де құт мекеннің аумағы үлкейіп, халық саны артты. Елордасы – Нұр-Сұлтан мен ару қала – Алматыдан кейінгі үшінші қала  мәртебесіне ие болып, милиондық халқы бар Мегаполис атанғандығын айта отырып, қаламыздың тарихы туралы кеңінен әңгімеледі.

Шара барысында кітапханашы М. Керімбекова шуақты Шымқаламызға арнап жыр тербеген ақындарымыздың өлеңдерін кітапхана меңгерушісі  мәнерлеп оқуымен ерекшеленді. Осы құтхананың белсенді оқырманы Гүлнұр Бейсенбайқызы да бірнеше өлеңді жатқа оқып, көрермендерді тәнті етті.

Кітапхана меңгерушісі М. Керімбекова көпшілікті кітап  көрмесімен таныстырып, жастарды қаламыз туралы әдебиеттерді оқуға шақырды. Шымқаладағы ОККЖ-не қарасты 23 кітапхана бөлімшесі оқырмандарға қызмет көрсететінін айтып, осы кітапхана бөлімшелерінің мекен-жайы көрсетілген тізімді таратты.