Саясат

Шымкентте «Тәуелсіз елдің жас ұландары – ел қорғандары» атты салтанатты шара өтті

Шымкентте Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте «Азат» мөлтекауданындағы № 68 жалпы орта мектепте Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіз елдің жас ұландары – ел қорғандары» атты салтанатты шара өтті.

Ең қастерлі мерекенің мәнін ашатындай етіп ұйымдастырылған түрлі көрсетілім қатысушылардың барлығының жүрегін тербеді, отансүйгіштік сезімін қозғады.

«100 жаңа есімге» мектептің өміріне белсене араласқан азаматтар енгізіліп, оларға құрмет көрсетілсе, ұзақ жылдар мектепті басқарған Клара апайдың атында сынып ашылды. Ал «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбдез Иманқұлов партия бағдарламаларының орындалуына белсене атсалысқан азаматтарды марапаттады.