Weekend

Тәуелсіздік күніне орай Шымкентте жастарға пәтер берілді

Шымкенттік жастарға пәтер берілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

16-желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Шымкент қаласындағы 30 жұмыс істейтін жастарға пәтер берілді. Пәтер кілтін қала әкімі Ерлан Айтаханов табыстады. Бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылы аясында еліміздің ең ірі мегаполистерінің жастарына жыл сайын 1000 пәтер пайдалануға берілсін деген тапсырмасы аясында жүзеге асып отыр. Аталған тапсырма республикамыздың бас қалалары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында орындалуы тиіс.

Аталған жобаның құны – 294 млн. теңгені құрайды. Ал пәтерлердің жалпы ауданы – 1137 шаршы метр. Тұрғын үйдің құрылысы барысында 200-ден астам адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген.

Пәтер беру бағдарламасына сәйкес ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 6.4 млрд. теңге қаржы қаралып, жалпы алаңы 58 500 шаршы метрді құрайтын 904 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. 2019 жылы жастарға табысталуға тиіс 904 пәтердің 30-ы дәл бүгін Тәуелсіздік мерекесіне орай берілсе, қалғаны жыл соңына дейін беріледі деп күтілуде. Оның ішінде, 304 пәтер құрылысын салу арқылы және 600 пәтер сатып алу арқылы үлестірілетін болады.

Пәтерді пайдалануға алу үшін қала жастары алдын-ала құжаттарын тапсырған болатын. Сол арқылы құжаттарды іріктеп, комиссия мүшелері шешім шығарды. Баспаналы болуға үмітті жастарға ең басты қойылатын талап жасы 29-ға толмауы тиіс. Сондай-ақ 2 жыл қалалық мекенжайда тіркеуде тұруы тиіс. Және де жалақысы 101 мыңнан кем болмауы шарт. Сонымен қатар пәтер алуға ниетті жастардың есімдеріне ешқандай да мал-мүлік тіркелмеуі керек. Міне, осындай шарттарды орындау арқылы мегаполис жастары баспаналы болуға үміткер бола алады.

Пәтерге ие болған Шымкенттік 30 жасқа қойылатын талаптар да бар. Яғни, тұрғын үй сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалға беріледі. 5 жыл ішінде ай сайын 5-7 мың теңге көлемінде төлемақы төлеп тұрады. Бұл аз төлем жасау арқылы жастарға болашақтағы жеке меншік үйінің бастапқы жарнасын жинақтауға мол мүмкіндік береді деп отыр, жауапты мамандар.  

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61