Weekend

Халықаралық форум: Шымкентте әлем жастарының басы қосылды

Қалада халықаралық форум өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

13-желтоқсан күні Шымкентте «Шекарасыз ынтымақтастық» атты халықаралық форум өтті.

Форумда Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов әлемнің түкпір—түкпірінен келген қонақтарды қазақ жерінде, соның ішінде Шымкент қаласында осынау әлем жастарының көшбасшылары мен элитасы, халықаралық жастар қозғалысының жетекшілері мен белсенділері жиналғанына өз ризашылығын білдірді.

Жастар — қозғаушы күш, локомотив және қазіргі кезде жүргізуші сияқты қоғамның авангарды.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Жыл басынан бері елімізде жастарға арналған айтулы іс-шаралар мен бағдарламалар өткізілді.

Осыдан төрт күн бұрын «Жастар жылының» салтанатты жабылуы болып, онда Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.К.Тоқаев «Жастар жылының» дәстүрлі жалғасы ретінде 2020 жыл «Волонтер жылы» деп жариялады. Өйткені өзіне пайда іздемей ерікті болу, біреуге қуаныш сыйлау тек бойында белсенділігі асқан, өмірлік ұстанымы жоғары жастардың ғана қолынан келеді. Волонтерлік – азаматтық қоғамды нығайтудың маңызды құрамдас бөлігі.

Абай атамыз айтпақшы: «Адамның адамшылығы істі бастауынан білінеді!».

Сіздердің ұтымды ұсыныстарыңыз, пікірлеріңіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосатын болады.

Жастық — ол ізденістің бастауы, осы кезеңде ғана адам езінің күшіне сеніп, тауды да қопарып тастайтындай болып керінеді. Сондықтан қанатын қаққан жастардың талапты талпыныстарына жол ашылып, білім, ғылым саласында көшбасшылық танытуларына мол мүмкіндіктер жасалуда. Кездесу сонында аудан әкімі бүгінгі күннің жалындаған кемел жастары қатарынан озып шығып, биіктерден керініп жүруіне тілегін айтты.