Weekend

Шымкентте он бірінші Қайырымдылық мекемесі ашылды

Қайырымдылық мекемесі 120 балаға лайықтап салынған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты он бірінші Қайырымдылық мекемесі ашылды.

Ашылу рәсіміне ҚМДБ Қайырымдылық және уақып бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев, Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев, Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай, имамдар мен ғалымдар қатысты.

Бас имам Бақтыбай Бейсенбаевтың айтуынша, мекемеге көпбалалы отбасылардың, тұрмыс жағдайы төмен жанұялардың балалары қабылданады.
Мекеме директоры болып Мұхамеджан Естеміров тағайындалды. 
Айта кетсек, қайырымдылық мекемесі 120 балаға лайықтап салынған. Дәрісханасы, асханасы, жатақханасы бар. Онда қабылданған балалар тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
Ашылу рәсіміне қатысқандар бұл жерден салтын сақтаған, дінін ардақтаған ғалымдар шығуына тілеулестік білдірді.
Жоспар бойынша алда тағы осындай 4 мекеме ашу көзделген. Бүгінде оның құжаттары рәсімделуде.