Weekend
«Қылует» мұражайы
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМұражайдың негізі 1920 жылы қаланған. Оның қалыптасуы мен дамуына атақты ғалым шығыстанушы М.Е.Массон мен жергілікті аймақтанушылар В.П.Тризна, И.К.Шпота, М.А.Быков, М.И.Мекленбурцев, т.б. еңбектері сіңді. Мұражайдың бес ғылыми–зерттеушілік бөлімдері бар. Олар: археология бөлімі, тарих және этнография бөлімі, қорлар бөлімі, экскурсия мен ақпараттық қамту бөлімі, экспозициялық бөлім мен табиғат секторы. Бұл бөлімдерде ғылыми–зерттеушілік, жинастырушылық және ағартушылық жұмыстар атқарылады.
Мұражай қорында 70 мыңнан астам мәдениет ескерткіштері сақталған. Мұражайдың ғылыми кітапхана қорында 6 мыңнан астам кітап бар. Мұражайдың экспозициясы 3 бөлімге бөлінген. Олар: өлке табиғаты, археология мен этнография, ХІХ ғасыр басынан бастап қазіргі заманға дейінгі тарих бөлімдері.
2006 жылы реконструкциядан кейін екінші қабатта ХІХ ғасырдың басы мен қазіргі заманымызға дейінгі облыс тарихынан сыр шертетін көрме қойылымдары ашылды. Жаңа экспозиция төрт бөлімнен тұрады. Олар: «ХІХ ғасырдың басындағы Қоқан хандығы билігі астындағы өлке», «Ресей империясы құрамындағы өлке. Қазақстандағы Ресейдің отаршылдық саясаты», «Тоталитарлық жүйедегі өлке», «Қазақстан – тәуелсіз ел. Тәуелсіздік кезеңіндегі Оңтүстік Қазақстан облысы». Жаңа көрме қойылымдары ұлттық тарих оқиғаларын ашатын материалдармен ұсынылған.
Көрме қойылымдары ішінде ерекше орынды Қазақстанның дербес, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының кезеңі, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының қарқынды экономикалық және әлеуметтік дамуы алады. Облыстың қарқынды даму серпіні жаңа кәсіпорындардың құрылуы мен жұмыс атқаратын өндірістік кәсіпорындардың нығайтылуы, банктік жүйенің дамуы, шағын және орта бизнестің жетілдірілуі, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларынан айқын көрініс табады.
Мұражайда Шымкент тілшісі Алексей Гончаревпен түсірілген облыс тарихы мен табиғаты туралы фильдері көрсетілетін үш монитор қойылған.
Құнды топтамалар мен түпнұсқалы құжаттарға, көрме қойылымдарына, ғылыми қызметкерлердің көрмелері мен интеллектуалды базасына негізделе отырып, мұражай жан- жақты мәдени – ағартушылық жұмыстар ұйымдастырады. Жыл сайын ҚР мұражайларымен аралатпа көрмелермен алмасады, сонымен қатар ЮНЕСКО және жақын мен алыс шетел елдерінің мұражайларымен ұйымдастырылатын конференция, семинар жұмыстарына белсене қатысады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61