Weekend

Шымкенттің мәдени нысаны: Филармония жайлы не білеміз?

Ш.Қалдаяқов атындағы қалалық филармония

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының ең көне көшелерінің бірі Қазыбек би көшесінде Ш.Қалдаяқов атындағы қалалық филармония орналасқан. Әуелгіде ол жерде 1886 жылы Сергий Радоженский шіркеуі салынған.

Дәл осы ғимаратта 1956 жылы композитор Шәмші Қалдаяқов 2006 жылдың қаңтар айында, Президенттің жарлығымен мемлекеттік әнұран болған «Менің Қазақстаным» әнін жарыққа шығарған.

2010 жылы ауқымды қайта құрудың арқасында ескі ғимарат бұзылып, оның орнына жаңа филармония тұрғызылды.

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония 2010 жылы халық игілігіне берілді. Филармония Елбасының қатысуымен ашылды. Өнер ұжымы жыл сайын орта есеппен 180-нен аса концерт қойып, 60 мыңға жуық көрерменге қызмет көрсетеді.