Weekend

Шымкенттің көрікті орны: Орталық саябақ жайлы не білеміз?

Саябақ Шымкент қаласының көрікті орындарының бірі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орталық мәдениет және демалыс саябағы 1937 жылы салынған. Саябақтың аумағы қала орталығындағы жасыл оазис болып табылады. Балалар мен ересектерге арналған түрлі аттракциондар, кафелер, ойын павильондары жұмыс істейді.

Әдемі қырқылған көгал, раушан бұталарын сәндеп тұрған, жаңа қазылған гүлзарлар. Бұл жерде 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында отырғызылған ағаштарды әлі күнге дейін табуға болады.

Ыстық күндері көптеген демалушылар саябақта фонтан айналасында жиналады.

Орталық саябақ қаланың визит карточкасы болып табылады. Шымкент қаласына келіп, міндетті түрде қаланың ескі және әдемі саябағында серуендеуге уақыт табыңыз. Мұнда атмосфера өте ерекше!