Weekend

Шымкенттік мұғалімдер жаңаша оқытуды талқылады

Білім беру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкет қаласының 128 жалпы орта білім беретін мектепте "Жаңаша оқыту-жетістік көзі" атты семинар өтті. Семинарға Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты 1-134 мектептерден 180 педагог қатысып, 10 семинар сабақ өтілді. Семинар бастауыш сыныптар арасында өткізілгендіктен, бастауыш сыныптың негізгі пəндері қамтылды.


Семинар аясында келген қонақтар жаңа мазмұнда оқыту бойынша көптеген оқу стратегияларын, əдіс-тəсілдерін, оқушылардың алған білімдерін тəжірибеде қолдана білудің қыр-сырын үйренді. 

Енді ұстаз бұрынғы үйретуші,білім беруші,білім көзі,бұлжымас бедел, мұғалім сынды рөлдерінен бас тартып, үйрету процесін өзара əрекеттесу деп қабылдап,өз қызметін ұйымдастырушы, бағыт-бағдар беруші, жөн сілтеуші деп түсінеді. Бұл өзгеріс ұстаз еңбегінің маңызын тіпті де бəсеңдетпейді. Керісінше, ерекше мазмұнмен толықтырады, мəртебесін асырады.

ХХІ ғасырдағы ұстаздың басты міндеті-білімді жəне өз ойын еркін жеткізетін, сыни тұрғыдан ойлай алатын алғыр, сауатты жас ұрпақты тəрбиелеу.

Семинарда заманауи мұғалім-оқу үрдісін білім, дағды жəне құзіреттілік дамыту жүйесі ғана емес, тұлғаны дамыту үрдісі ретінде қарастырылған. Семинар соңында кері байланыс ретінде келген педагоктар семинардан алған əсерлерімен бөлісті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61