Weekend

Шымкенттік оқушылар әл-Фарабидің мұрасымен танысты

Білім беру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты №52 мектеп-лицейінде тарих және география пәндері онкүндігі барысында 9 желтоқсан күні "Әл Фараби және оның рухани мұрасы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты – оқушыларға тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге әйгілі ғұлама философы, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған, Батыс пен Шығысты білімімен бас идірген Әбунасыр әл Фарабидің мұраларынан нәр алғызу.

Дөңгелек үстелге Шымкент Аймақтық Әлеуметтік Инновациялық Университетінің "Жалпы тарих және философия" кафедрасының профессоры, т.ғ.к.Ауанасов Мүсір ағай шақырылып, мектебіміздің 8 сынып оқушылары және Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты №56 ЖОМ тарих пәні мұғалімі Байтекова Назира және 8-9 сынып оқушылары қатыстырылып, ойларын ортаға салды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61