Weekend

Шымкенттің патриоттық сынып мүшелері сайысты

Патриоттық білім беру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №99 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдығана орай "Тұғыры биік - Тәуелсіздік" атты салтанатты жиын болып өтті.


Салтанатты жиынға Шымкент қалалық білім басқармасының әдіскері Қ.АЕсқараев, Шымкент қаласы Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің тәрбие, идеология және әскери патриоттық жұмыстар қызметінің бастығы, капитан Л.А.Мушанова, Шымкент қаласы Еңбекші және Қаратау аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығының әскери патриоттық тәрбие жұмыстары бойынша көмекшісі Д.Т.Абилдаева, сонымен қатар Еңбекші ауданына қарасты Жұлдыз ауыл округі бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас мамандары Р.Досан, Е.Тасқараев, мектепішілік қамқоршылық кеңесінің төрағасы К.Е.Сейтаев және Қарабастау тұрғын алабының бір топ ақсақалдары қатысты.

Мерекелік жиын барысында мектебіміздің 5-сынып оқушыларын "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау, 4-11 сынып оқушыларын мектепішілік "Адал ұрпақ" еріктілер клубына салтанатты түрде қабылданды. Сонымен қатар мектебіміздегі "Жас Сарбаз" әскери патриоттық сынып мүшелерінің "Отан қорғаушы" сайысымен жалғасты. Келген қонақтар мен ұйымға қабылданған оқушылар үшін концерттік бағдарлама жасалды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61