Weekend
Білім беру мәселелері
Шымкент қаласы білім беру басқармасына қарасты №54 жалпы орта білім беретін мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәнінен "Использование новых технологий на уроках русского языка и литературы" тақырыбы бойынша практикалық семинар өтті.
Семинарды №54 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Ұ.Д.Мамешова, Шымкент қаласының білім басқармасының әдістемелік орталықтың директоры Медетбекова М.А. және "Развитие полиязычного образования" әдістемелік орталықтың меңгерушісі К.А. Тастанбекова мен Г.А. Бекболаева ашты.Семинар барысында оқушылардың жауаптарын формативті бағалау, критерий бойынша бағалау, кері байланыс арқылы бағалау, өзін-өзі бағалау, өзара бағалауды тәжірибеде қолдану көрсетілді.
Семинар жоспарына сәйкес ашық сабақтар, әдебиеттік кеш өткізілді. Мұғалімдер 10 сыныпта Антуан де Сент-Экзюпери "Маленький принц" тақырыбындағы Сеилбекова А., 8 сыныпта "Герои-космонавты Республики Казахстан" тақырыбындағы Байтұрсын А., 7 сыныпта "Выше радуги" С.Абрамов тақырыбындағы Абилкаирова А., 6 сыныпта "Зима в поэзии С.А. Есенина" тақырыбындағы Усманова Б., 4 сыныпта "Все профессии важны" тақырыбындағы Тлеубаева А., 1 сыныпта "Домашние животные" тақырыбындағы Салимбаева Ш. ашық сабақтарына қатысты.
Семинарды қорытындылау кезегіне Саипова М. мен Айтжанова Г. дайындаған "Абай и Пушкин- два таланта, сплотивших два великих народа" тақырыбындағы әдебиеттік кеш пән мұғалімдерінің көңілінен шықты.
Аталған іс-шара барысында мектеп мұғалімдері өз тәжірибелеріне қатысты заманауи әдіс-тәсілдердің қолданылу мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана алатындай көмек алды деуге болады.