Weekend

Иесіз қуыршақ

Әңгіме

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Айша есімді сұлу болыпты. Үйінің еркесі екен, бала күнінен тетелесе өскен бауыры жоқ болатын.

Бір үйдің жалғыз қызы болыпты. Моншақтай көздері мөлдіреп ата-анасының алдында жүрген ол ешбір қиыншылықсыз өсіпті. Өз құрдастарынан бітімі бөлек, ірі денелі, бота көзді, маржандай тізілген тістерін кішкене ғана көрсетіп күлімдегені көп жігіттің назарын аударып, ғашықтықтың шамын жағатындай. Көп жігіттер гүл алып, сөз салса да, бұрылып қарамайтын.

Уақыт деген қанаты талмас құс сияқты тоқтамайды, тынбайды. Өз үйінің еркесі Айшада мектебін бітіріп, түлек атанды. Арманына қарай адымдаған сұлуды енді қаланың қарбалас өмірі күтіп тұр еді. Ол өзі армандаған дәрігерлік оқуына түседі. Қала күнінен түні сұлу дегенді қыздардан естігені болмаса, кеш батса шығып көрмеген Айшаны бүгін құрбылары күштеп би кешіне алып барды. Би алаңы толған жас у-шу дауыстың қаттылығынан бір-бірінің дауысын естіп болмайтын еді. Бұл жер Ажарға ұнамады. Ақырын тұрып кетуге әзірлене бастады. Сонда құрбыларының жанына сымбатты бір жігіт келіп сәлемдесті. Жүзі жылы, тартымды жігіт қолын созып, «Есімім Алмас» деп еді, Айшаның ішінде бір сезім жалт ете қалды. Жанындағыларға сездірмей кетуге беттеді. Сонда Алмас та артынан ере шығып.

- Жүр, шығарып салайын. Түріңе қарасам бұл жердің тумасы емес сияқтысың емессің.

- Жоға. Рахмет. «Өзім жетіп аламын» дегеніне қарамастан, Алмас жанына еріп келе берді.

Ақырыңдап өзін таныстыра бастады. «Мен қуыршақ театрында жұмыс жасаймын. Жасым 25-те» деп келе жатқан Алмастың сөздеріне махаббат көзімен қарап келе жатқан Айшаның бар ойы қалай да болсын осы жігітпен қарым-қатынасты үзбеу болды. Қыз алғашқы рет ғашық болды. Күнделікті Алмаспен хабарласып, жиі кездесуді әдетке айналдырды. Екеуінің таныстығына бірнеше жыл да болды.

Бір күні Алмас Айшаны өзінің қуыршақ спектакліне шақырды. Айша барып, қатты қызыға қоймаса да сүйіктісінің көңілі үшін қызықтап соңына дейін қарады. Спектакль аяқталғаннан соң Алмас Айшадан келесі спектакльге жаңа қуыршақ тігу керектігін айтты. Айша өзінің жақсы көрген адамға өзі тігіп беретінін айтқысы келді. Алайда қолынан келмейтіндей көрінді. Алмас Айшаны үйіне шығарып салады да кете барды. Айша үйге келген бойда отыра қалып, қуыршақты дайындауға кірісе кетті.

Арадан шамалы уақыт өтеді. Айша қуыршағын сәндеймін деп ауылдағы ата-анасымен де, Алмаспен де аз хабарласатын болды. Бір күні Алмас арнайы іздеп келіп, есіктен кіре бергенде Айшаның жасап отырған қуыршағын көреді. Оған ашуланады. Айша мүлдем бұлай болады деп ойламаған еді. Ашуланып тұрып, теріс бұрылып кетіп қалған Алмасқа не болғанын Айша мүлде түсінбейді. Алайда Айша қуыршақты нақышына келтіріп бір жылға жуық уақытта бітіреді. Ойында Алмас қайта іздеп келгенде сыйлаймын деген сөз ғана болатын. Алмас келмеді. Қуыршақты тігіп біткен уақытта ауылға оралатын уақыт та болып қалып еді.  9 ай 9 күн күндіз-түн отырып жасаған қуыршағын қоқыс жанында қалдырып бүгін Айша ауылға аттанды...