Саясат
Поэзия - мәңгілік құндылық
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comШымкент қаласында бір күннің ішінде көшелермен мен алаңдарға 70-ке жуық ақынның өлеңдері мен өмірбаяндары жазылған билборд ілінді.
Абай мен Шәкәрім, Махамбеттен бастап Есенғали Раушанов, Серік Ақсұңқар, Тыныштықбек Әбдікәкімов, Бауыржан Бабажанұлы, Маралтай Ыбыраев, Қазыбек Иса сынды қазіргі ақындардың да өлең шумақтары «ілінді».
Ал Шымкент шаһарының әкімі Ерлан Айтаханов болса, Шымқала поэзия қаласына айналуы тиіс дейді.
Шымкент – Қазақстандағы поэзия қаласына айналу керек. Себебі өлең оқыған адамның ішкі әлемі көркем болады. Ішкі әлемі көркем адам ешқандай қылмысқа да бармайды, ешқандай жамандық та жасамайды. Адамдары жамандыққа бармайтын қала нағыз қайырымды қала болады. Өмірдегі жамандықтармен тек заңмен күресу жеткіліксіз, жамандықты жеңгіңіз келсе руxаниятты күшейтуіңіз керек, – дейді Ерлан Қуанышұлы.
Шымкент қаласындағы өзгерістер мен тосын жаңалықты естіген ақындар әлеуметтік желіде жазба жазып, қуанышымен бөлісіп жатты.
- Ақтөбедегі әдеби форумды аяқтай бергенде Шымкенттен сүйінші-хабар жетті. Шымқаланың ең орталық көшелерінің біріне менің суретім, қысқаша өмірбаяным, екі шумақ өлеңім таспаланған билборд ілініпті, - деп жазды ақтөбелік ақын Бауыржан Бабажанұлы.
-Алаштың аптал азаматы Қуаныш Айтахановты білмейтін қазақ жоқ шығар? О кісінің аты-жөнін алғаш рет Нұрағамының (Н. Оразбек) аузынан естігем, (80-90-шы жылдары ма?). Анау-мынауды тіліне тиек етпейтін Нұрағам осы азаматты ылғи сүйсініп, ерекше ілтифат құрметпен айтып отырушы еді Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов осы кісінің баласы екен: Шымқаладағы ғана емес, Алаштағы ақындар шеруінің көш басшысы! Қара өлеңі келгенде–Қара шаңырақ түзеледі,–құбылаға қарап!Көргенді ұл екен! Жан-тәні Алаш рухымен суарылған! «Әке көрген–оқ жонар» деген.. Осындай ұл керек қазаққа! Сонда есеміз кетпейді ешкімге! – деп жазды Серік Ақсұңқар.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61