Weekend

Шымкенттің көрікті орны: «Қазына» этно-тарихи кешені

Алып аумақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кешеннің ішінде Қазақ хандығының 550 жылдығы монументі, Ұлы Жібек жолы сәулеттік композициясы және ғұламалардың нақыл сөздері жазылған Даналар өсиеті мен 27 тарихи-сәулеттік ескерткіштің шағын макеті орналасқан.


Қазақы ою-өрнектермен безендірілген, биіктігі 15 метрлік монумент түрлі композициялармен толықтырып тұр. Сонау Бәйдібек би бабаның ескерткішінен бастап Наурыз алаңына дейінгі этно-кешеннің жалпы көлемі 76 гектар жерді құрайды.

Қазына кешенінде этносаябақ, 27 тарихи сәулеттік ескерткіштердің макеті, түрлі композициялар және тасқа қашалып жазылған даналар сөзі де көрініс тапқан.

Сөз болып отырған «Қазына» этно-тарихи кешені Шымкент қаласының жалпы аумағы 76,4 гектар жерінде орналасқан. Бұл жерде сонымен бірге ұзындығы 50 метр, биіктігі 8 метрді құрайтын тарихи ескерткіштердің бірі - «Ұлы жібек жолы» сәулеттік-композициясы орналасқан.