Weekend

Шымкенттің «Отырар» кітапханасында бірегей сараптамалық кеңес жұмыс жасайды

Ерекше орталық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкенттің «Отырар» кітапханасында жаңадан тсүкен кітаптарды қарап, баға беріп отыратын талғам-сараптамалық орталық жұмыс жасайды. Бұл бір кездері кеңес кезінде жұмыс жасаған Көркемдік кеңестің қызметіне ұқсайды.

Аталмыш орталық 2016 жылы ашылған, ал кітапхананың өзі 2013 жылы ашылған болатын. Мұндай орталықты құрушы «Отырар» кітапханасында қазір ғылыми хатшылық ететін Злиха Жантасова екен.

- Өз еркімен кітап, кейде естелік жазып кітапханаға әкелетін адамдар көп. Кейбірі өзінің өмірін, өмірбаянын жазып әкелуі мүмкін. Түрлі кітаптар келеді. Біз үшін оқырманның талғамының жоғары болғаны маңызды. Сондықтан оқырмандарға сапасы төмен, көркемдігі аз шығармаларды оқуына жол бермеуіміз керек. Бұл орталық сол үшін құрылған, - дейді Злиха Жантасова.

Кітапханаға кітап өткізуге келген адамдар еңбегін, ең алдымен, талғам орталығына өткізуі керек. Оның мүшелері шығарманы қарап шығып, кейін кітапханаға қалдыру керек пе әлде жоқ па деген сауалға жауап береді.

- Сараптамалық орталықтың мүшелігінде жергілікті ақын-жазушылар мен ғалымдар бар. Оның ішінде, абайтанушы Мекемтас Мырзахметов те бар, - дейді Злиха Жантасова.