Саясат
«Билік халқымен адам сияқты сөйлескісі келмейді»
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстанның Тәуелсздік күні АҚШ-тағы қазақстандықтар Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғасын еске алып, наразылық білдірді. Нью-Йорк пен Сан-Франциско штаттарында өткен бейбіт акцияға қатысушылар Қазақстан «билігінің репрессивті саясаты мен Ресейге бағынушылығын» сынап, айыптады.
Өздерін «FreeKazakhs» («Еркін қазақтар») азаматтық қозғалысы деп атайтын Нью-Йоркте тұратын бір топ қазақ митинг кезінде Конституцияны өзгертуді, түпкілікті реформа жасауды, парламенттік басқару жүйесіне өтуді, Ресейдің мүддесі басым ұйымдардан шығуды талап етті. Grand Central Terminal ғимаратында өткен жиынға қатысушылар қолына 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбандары Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асанованың, сондай-ақ қастандықпен өлтірілген делінетін Заманбек Нұрқаділов пен Алтынек Сәрсенбаевтың фотоларын ұстап шыққан.
Ал Сан-Франциско қаласында өткен топтық митингте он шақты қазақстандық Ресей президенті Путиннің «диктаторларға жағдай жасауы» мен Қазақстандағы Жаңаөзен оқиғасын сынға алып, билікті айыптады. Олар қолына экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың, оның қызы Дариға Назарбаева мен қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосын, «барлығына кінәлі – осы» деген жазуы бар Путиннің суреті бар плакат ұстап тұрды. Наразылар шынайы тәуелсіздікке қол жеткізгісі келетінін, «диктаторлық жүйенің күйреуін, оның орнына демократиялық құндылықтар салтанат құрғанын» қалайтынын айтты.
Қазақстанның ресми Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсанда, әдетте, жергілікті билік қатаң бақылау жүйесінде жұмыс жүргізетіні азаматтық қоғам тарапынан жиі сыналады. Кеше Алматы, Шымкент қалалары мен ел астанасында өткен санкцияланбаған тағзым ету шерулерінде 50-ден астам азамат ұсталып еді. Қоғам белсенділері биліктен 16 желтоқсанды мереке емес, «еске алу күні», «қаралы күн» деп жариялауды талап қойған болатын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61