Weekend

Әлемдегі ең үлкен Бурдж Халифа ғимаратында Қазақстанның туы бейнеленді

Біріккен Араб Әмірлігі қазақстандықтарды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біріккен Араб Әмірлігі қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл құттықтау басқалардан өзгеше.

16-желтоқсан күні әлемдегі ең үлкен Бурдж Халифа ғимаратында Қазақстанның туы бейнеленді.

«Бұл - екіжақты қарым-қатынастың жоғарғы деңгейде екенінің дәлелі. Ол өзара түсіністік, сыйластық және сенімнің арқасында өркендей бермек», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Бұл ғимарат Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында орналасқан. Оның ұзындығы - 828 метр. Ол 163 қабатты үйдің биіктігімен бірдей. Аталмыш ғимарат 2010 жылы ашылды.