Weekend

Алматыда 1531 жол жұмысшысы қар күреуге кірісті

Алматыда 14 желтоқсан күні сағат 10:30-ден бастап қар жауды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат кешкі 17.00-дегі жағдай бойынша қалада 1,5-2 саниметрге дейін, тау бөктеріндегі және таулы аудандарда 5-6 сантиметрге дейін қар түсті. Қазіргі уақытта автомобиль жолдарына тайғаққа қарсы материал себіліп, тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймақтары, қоғамдық көлік аялдамалары қардан тазаланып жатыр. 

Бұл жұмысқа 531 арнайы техника, оның ішінде 192 құмшашқыш және 1531 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Түнде қар тазалап, жолдарға құм шашуға 438 техника мен 274 жол жұмысшысы шығады. Қажет болған жағдайда жол полициясының патрульдік машиналарының ілесіп жүруімен жол бөліктерінен өтіп бара жатқан колонналармен қар күреледі.