Weekend

Бақытжан Сағынтаев: Алматы атауын ауыстыру әкімдіктің күн тәртібінде жоқ

Алматы-2050

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қойғам қайраткері Олжас Сүлейменов Алматы атауын бұрынғы Алма-ата атауына өзгертуді ұсынғаны туралы ақпарат шықты. Оның айтуынша, бұл ұсынысты қала басшысы Бақытжан Сағынтаев қолдады.

Бірақ Алматы әкімі қала атауын ауыстыру туралы мәселені қарастырмағанын және мұндай мәселені әкімдіктің күн тәртібінде жоқ екенін айтты. Бұл туралы әкім өзінің Instagram-парақшасына жазды.

- Бүгін Алматы қаласының атауын өзгерту туралы ақпарат пайда болды. Мен бұл мәселені қарастырмағанымды айтқым келеді және әкімдіктің күн тәртібінде бұл мәселе жоқ. Қазіргі уақытта біз қала үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған кешенді міндеттерін шешу жолында жұмыс істеп жатырмыз, - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасына.
Қала басшысы жақында қабылданған "Алматы - 2050" стратегиясын, қысқа және орта мерзімді жоспарды іске асыру бойынша жұмыс басталғанын жазды.