Саясат

Олжас Сүлейменовтің қызы сотталушының аппеляциялық шығымымен не себепті келіспеді?

Ескендір Сүлейменовтің қазасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Олжас Сүлейменовтің қызы Лейла Сүлейменова баласының өліміне кінәлі сотталушы Малика Мұхитованың сотқа берген аппеляциялық шағымымен келіспейтінін айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. 

Зардап шеккен тараптың мүддесін қорғайтын адвокат Альмира Шайхина Лейла Сүлейменованың мәлімдемесін оқыды.

"Зардап шеккен тараптың өкілі ретінде Мұхитоваға қатысты шыққан үкімді заңды және дәлелді деп санаймын. Аудандық соттың Мұхитоваға қатысты шығарған үкімін сол күйде өзгеріссіз қалдыруды сұраймын. Зардап шеккен тараптардың арасында келіспеушілік болған жағдайда анасы ретінде менің өтінішімді орындауын сұраймын", -деп оқыды Альмира Шайхина.

Ескендір Сүлейменовтің анасының мәлімдемесі іс материалдарына қосылды. Келесі сот отырысы 11 қаңтарға белгіленді.