Weekend
Жыл мұғалімі мәртебесі қаладағы №168 мектеп-гимназияның оқытушысы Елдар Әбдіхалықовқа берілді
Жеңімпаз "Ұстаз мәртебесі - ұлт мерейі" конкурсы аясында 500 мың теңгелік сертификатты жеңіп алды.
Финалға барлығы 21 мұғалім қатысты. Алматы оқытушылары ашық сабақтар өткізіп, оқушылармен жұмыс істеу барысында бірегей жобаларымен таныстырды.
Байқау 3 айға созылды. Аудандық жарысқа 67 мұғалім қатысып, финалға 21-і өтті. Олардың бәрі байқауда жақсы нәтиже көрсетті. Олар жастық шағын сапалы және қажырлы еңбекке арнап жатыр. Біздің қатысушылар жастарға мұғалім мамандығының жарқын үлгісі бола алады, - деді Алматының мәслихат депутаты Мұрат Әділханов.
Байқауды Мұрат Әділханов қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды. Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушы алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ал гран-при жеңген №59 мектеп-гимназияның мұғалімі Заир Хассенге авокөлік сыйға берілді.