Bugin

Алматының 8 павильонында жәрмеңке өтіп жатыр

Түрлі өңірлердің өндірушілері Алматыға 100 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдерін алып келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Демалысын пайдалы өткізгісі келетін Алматы тұрғыны ауылшаруашылық өнімдері сатылатын жәрмеңкеге бара алады. Мұнда олар азық-түлікті базар бағасынан да арзанға сатып алады. Мұнда 1 келі сиыр еьінің бағасы - 1700-1800 теңге.

Бүгін азаматтар жәрмеңке мен Алматының 8 павильонынан көкөністер мен ет өнімдерін салыстырмалы арзан бағамен сатып ала алды. Түрлі өңірлердің өндірушілері Алматыға 100 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдерін алып келді. Төмен бағамен әлеуметтік маңызы бар тауарлар да сатылады. Ұсынылған өнімдер нарықтық бағадан 15 есе арзан.

Бүгінде әкімдік нарық жағдайында неғұрлым қолайлы және тиімді болатын бағаларды ұстап тұру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Біз маусымдық ауытқуларға және бағаның өсуіне байланысты өнімдерді таңдадық. Бағаны тұрақтандырудың жаңа тетіктері бойынша айналым қаражаттары, қаржы ресурстары бөлінді, көкөністер мен ет сатып алынды, - деді Алматының кәсіпкерлікті басқару және инвестиция басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаппаров.

Алдағы 2 аптада осындағы тағы 22 павильон ашылады. Жаңа жыл қарсаңында маңызды азық-түлік тауарларына бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу үшін қала әкімдігі барлық қажет шараларды қабылдауға, атап айтқанда, бақылауды күшейтуге ниетті.