Weekend
Әкімнің мәлімдемесі
Қисайған көпқабатты үйдің жағдайын бағалау үшін қажет қызметкерлер тартылады.
Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев үйдің тұрғындарымен кездесуде айтты. Оның айтуынша, тұрғындар басқа жақта уақытша пәтер жалдап тұра тұрады. Ал пәтерақыны әкімдік төлейді. Апатты жағдайдағы үйдің тұрғындары мерекеден соң бірден көшіп кете алады.
Біз барлық тұрғынды көшіруге дайынбыз. Бұл ауданда төтенше жағдай жарияладық. Оған қатысты қаржы да бөлінді. Бастапқы жағдай үшін тұрғындарға 72 пәтерді жалға алып береміз, - деді Бақытжан Сағынтаев.
Қала басшысы тұрғындардың үйі босағанда ұрлық болмас үшін полиция қызметкерлері үйді күзететінін айтты.