Weekend

Зерделі-6 ықшамауданындағы апатты үй бұзыла ма?

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев апатты үйдің тұрғындарымен кездесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қала басшысы тұрғындарды уақытша басқа пәтерге көшіруді жоспарлап отырғанын айтты. Ол үшін сол үйдің тұрғыны екенін дәлелдейтін құжатты көрсетеді. Әкімдік жалға алатын пәтердің ақысын төлеп береді. Әкім үйдің апатты үйдің жайы қалай шешілетінін тұрғындармен кездесуде айтты.

- Арнайы сарапшылар үйдің жағдайын зерттеп, бағалаған соң үй тұруға болатын жағдайда болса, үй қалпына келтіріледі. Ондай жағдайда еш алаңдамай үйде өмір сүре беріңіздер дейміз. Өйткені бұл іске жауап беретін адамдар бар. Пәтерде тұрып келген соң қайтадан үйлеріне көшіп алуына болады. Ал сарапшылар тұрғын үйде тұруға болмайтынын айтса, онда бұл үйді бұзып тастаймыз, - деді қала басшысы.