Weekend
Сараптамалық қорытынды
Алматы прокурорлары құрылыс салушылар мен үй салу туралы сараптамалық қорытынды бергендерге қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді бастайды.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданының Зерделі-6 ықшамауданындағы апатты үйдің тұрғындарымен кездесті. Қала басшысы тұрғындарға уақытша басқа пәтерлерге көшуді ұсынды. Жалға алынатын үйдің пәтерақысын әкімдік төлейді.
Алматы прокурорлары құрылыс салушылар мен үй салу туралы сараптамалық қорытынды бергендерге қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді бастайды. Алматы прокурорының орынбасары Берік Адамовтыңайтуынша, жақын арада нақты кімнің жауапқа тартылатыны белгілі болады.
- Қазір үйдің жағдайын бағалайтын сарапшылардың зерттеуін күтіп отырмыз. Біз оларды ала сала барлық жағдай мен айғаққасүйене отырып, қылмыстық іс қозғау үшін шаралар қабылдаймыз, - деді Берік Адамов.