Weekend

Демалыс орындары: Алматыдағы саябақтар ел назарында

Қаладағы саябақтарға саяхат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орталық мәдениет және демалыс саябағы

Орталық мәдениет және демалыс саябағы Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан. Саябақты 1856 жылы ғалым баубақшы Криштепенко салып және сол уақытта "Казенный сад" деп аталған.

1974 жылы саябақ қайтадан жөндеуден өтіп, су қоймасының жағалауына демалыс базалары мен аттракциондар салынды.

Саябақ аумағында балалар аттракциондары, балалар темір жолы, жазғы және қысқы аквапарктер, спорт алаңқайлары, қайық және катамарандарды жалға беру станциялары, әр түрлі кафелер мен динопарк орналасқан.

28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы

Саябақ Алматы қаласының Медеу ауданында, 18 га жерді алып, Қазыбек би, Зенков, Гоголь және Қонаев көшелерінің арасында орналасқан.

Саябақтың шығыс жағында: Ықлас атындағы Халықтық аспаптар көрмесі, Офицерлер үйі, Жауынгерлер – интернационалисттер ескерткіші, және Даңк мемориалы мен Мәңгі алау. Мемориалды кешеннің ашылу салтанаты 1975 жылдың 8 мамырында болып, Ұлы Отан соғысы аяқталуының 30-жылдығына орайластырылған. Кешенге: Қазақстандағы Кеңес билігі үшін күрескен жастарға арналған “Клятва” горельефі кіреді. Триптихтің орта шенінде Мәскеуді кеуделерімен қорғаған батыр-панфиловшылардың кейпі бейнеленген “Подвиг” мүсіні. Оң жағында - “Трубящие славу” композициясы. Оның бейнесі салтанатты өмірдің ән ұранын бейнелейді. Мәңгі алаудың маңында батыр-қалалардан әкелінген жер салынған капсулалары бар, төртбұрышты лабрадориттен орындалған кубтар орналасқан.

Мемориалдың батыс жағында президенттер аллеясы бар.

Түс кезінде саябақ ішінде адам қолынан тамақтанып жатқан тиіндерді көруге болады. Салқын кезде құстар демалушылар қолынан семішке шоқып жейді. Және көгершіндер еш қорықпай келушілердің иықтарына отырып, қолдарынан таған алады. Оған қоса қонақтар аттарға, пони және арбаға мініп саябақтың керемет жерлерін көре алады.

Демалыс және мереке күндері саябақ ішінде адам өте көп болады. Тұрғындар саябаққа гүл шоқтарын алып отаны үшін қаза тапқан жауынгерлерді еске алу үшін келеді.

«Family» саябағы

Ірі  саябақтардың бірі болып «Family» саябағы жатады.

Саябақта әртүрті гүлдер мен ағаштар отырғызылған. Аты аталып тұрғандай отбасылық демалыс пен серуенге арналған. Велосипед тебуге ыңғайланған. Саябақ территориясында 5 кафе, 32 аттракцион, мини-зоопарк және аквапарк орналасқан.