Weekend
Қауымдастық
Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында балалар үйлері түлектеріне қолдау көрсету мәселелері туралы брифинг өтті.
Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қазақстанның балалар үйлері түлектерінің қоғамдастығы" ЗТҚ президенті Рафаэль Гасанов жұмыстың жаңа формаларын, әдістері мен тетіктерін тиімді пайдалана отырып, қолданыстағы іс-қимыл алгоритмін түбірінен өзгертпейінше қоғамдастық жұмысын алға жылжыту мүмкін емес екенін айтты.
- Қауымдастықтың барлық бастамасы құндылықтар биігінен іске асып жатыр. Біз мұны басты бағдар етіп алдық. Бұл - әділдік, сенім және адамгершілік, - деді Рафаэль Гасанов.
Қиын жағдайға душар болған балалар үйлері түлектері үшін "Аяла" пилот жобасы қолға алынады. Оның барысында арнайы жұмыс орындары құрылып, түлектерге заңгерлер мен психологтардың көмектері ұйымдастырылады. Рафаэль Гасановтың пікірінше, түлектердің әлеуметтік ортаға батыл енулері үшін барынша ұтымды әрі пайдалы әдістерді қолдау қажет.
2019 жылы қоғамдастық балалар үйінің түлектерінен түскен 1289 өтінішті тіркеді, оның 689-ы тікелей тұрғынүйге қатысты. Өтініштердің үштен бірі жұмысқа орналастыруды, ЖОО оқу үшін мемлекеттік грант бөлуді, енді бірі қаржылық көмек көрсетуді сұрайды.
Рафаэль Гасанов қолжетімді баспана бағдарламасы аясында балалар үйлерінің түлектеріне 61 пәтер берілген, бұл өткен жылғы көрсеткіштен үш есе көп.
Қазіргі кезде "Жастар үйі" ЦАиПВСУ КМБ әлеуметтік мекемелердің 190 түлегі тұрып жатыр, олардың ішінде:
- "Жастар үйі" (Дом юношества) - 80 түлек;
- бес қабатты "Жастар үйінде" - 110 түлек бар.