Weekend
Қаладағы цирк
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com1970 жылдың шілде айында Қазақ ұлттық циркі алғаш рет Саратов қаласындағы цирктің сахнасына шықты. Премьералық бағдарламаның құрастырушылары Қазақстан халық әртісі Г.Ғалиева мен Ресей Федерациясының еңбегі сіңген өнер қайраткері Г.Перкун басшылық еткен режиссерлардың, педагогтардың және балетмейстрелердің шығармашылық тобы болды.
Алматы циркінің ғимараты 1972 жылы салынған. Жобаның авторлары: сәулетшілер – В.З.Кацев пен И.В.Слонов; инженерлер – С.Б.Матвеев пен М.Плахотников; суретшілер – Г.Завизионный мен И.Нимец.
Азаматтық қоғамдық сәулет үлгісі болып табылады. Ротонданы гиперболалық күмбез шір кигізеді. 2 160 орындық амфитеатр, буфеті мен гардеробы бар, 2 қабатты фойемен белдеуленген. Әкімшілік-тұрмыстық корпуста әртістік бет бояу, киіну бөлмесі, жаттықтыру манежі, асхана, жануарларға арналған бөлмелер орналасқан. Жануарларды серуендетуге арналған 2 ішкі ауласы бар.
Қазіргі күні Жайдарбек Кунгунжиновтың басшылығымен көрсетілетін атты нөмір Қазақ мемлекеттік цирктің өзіндік визит картасы болып саналады. Шекірейіп отырған шабандоздар аттан қарғып түсіп, манеж бойында шауып келе жатқан аттың астына секіріп, одан тағы атқа мініп алады. Гимнасттар – Досбатыровтар, эквилибрист Еки Қоңырбаева, шабандоздар – Кунгужиновтар цирктің көптеген байқаулары мен фестивальдердің лауреаттары болды. Гимнаст Дархан Қамбышев, жыл ішінде Париждегі, Гренобльдегі және Мәскеудегі халықаралық цирк өнерінің фестивальдеріне қатысып, өзіндік дүниежүзілік рекорд орнатып, бас жүлделерге ие болды. «Ақ құстар» атты әуеге ұшу аттракционын орнатқан әртістер – Әлиевтер Францияда (Париж) «Гран-При» жүлдесін иеленді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61