Weekend

Алматыда қыста қайда барып демалуға болады?

Қысқы демалысыңыз қызықты өтсін десеңіз...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қысқы демалысыңызды пайдалы әрі қызықты өткізгіңіз келіп жүр ме? Ендеше мына тізімге назар аударыңыз. Алматының демалыс орындарына көз жүргітіп өтіңіз. 

Түрген шатқалы

Шатқал Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 11 км-дей, Алматы қаласынан шығысқа қарай тас жол бойымен 70 км-дей жерден басталады. Түрген шатқалы Іле Алатауының басты жотасының теріскей бөктерлерінен басталып 49 км-дей созылып жатыр. Шатқалдың солтүстік-шығыс шекарасы Сарытау жотасынан басталып, қырқалар арқылы Асы үстіртінен дейін жалғасады. Қырқалар Қараш жотасынан солтүстікке қарай, жотаның оңтүстік-батыс және батыс бөктерлерін бойлай Іле аңғарына дейін созылады. Шатқалдың Теріскенсу өзенінен Батан шатқалына дейінгі бөлігі тар әрі терең, оның тереңдігі кейбір жерлерінде бір 1,5 км-ге жетеді. Түрген шатқалын Есік шатқалынан Есік сілемі бөліп жатыр.

Бутаковка сарқырмасы

Бутаковка сарқырамасы - Қазақстанның ең әсем орындардың бірі. Ол Алматы қаласында Іле Алатауында теңіз деңгейінен 1700-2900 м биіктікте орналасқан. Сарқырамаға «Медеу» мұз айдыны арқылы жетуге болад. Биіктігі – 10-12 метр. Бұл жердің сұлулығына қыста да, жазда да тамсанып қайтасыз.

«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплин кешені 

«Сұңқар» - бұл 2011 жылғы қысқы Азия ойындарына шаңғы трамплиндерінен жарыс өткізуге арналған шаңғы тебу кешені. Трамплиннен секіру кешені екі бөліктен тұрады: біріншісі халықаралық жарыстарға, екіншісі тәрбие жұмыстарына арналған. Сонымен қатар тағы 5 секіру орны бар. Олар: халықаралық деңгейдегі К-125, К-95 және балаларға арналған - K-60, K-40, K-20. Олардың барлығы әмбебап, сіз қардан секіре аласыз. Кешенде шаңғы трамплиндерінен ересектер спортшылары, жасөспірімдер, ұлдар мен қыздар арасында тұрақты түрде Қазақстанның жазғы және қысқы чемпионаттары өтеді. Сонымен бірге спортшылар Қазақстан чемпионатында ересектер мен жасөспірімдер арасында «шаңғы биатлоны» пәні бойынша сайысқа түседі.

Үшқоңыр үстірті 

Шанада сырғанауды жақсы көретін жандар үшін тағы бір Үшқоңыр үстірті бар. Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км жерде, Іле Алатауында орналасқан. Су дегейінен биіктігі – 1961 метр. Бұл жер парапландар сонымен қатар сноубордшылар мен шанада сырғанаушылар үшін. 

Фурмоновқа көкке шығу

Фурмонов шыңы көпшіліктің таңданысын, қызығушылығын туғызған орындардың бірі. Бұл жерге бір рет барсаңыз, қайта баратыныңыз сенімдіміз. Себебі, шыңның ерекше бейнесінен күш-қуат алып, ерекше күйге енесіз.

Шонжыдағы ыстық бұлақтар

Жылы бұлақ Алматының шығыс бағытында 300 шақырым қашықта орналасқан. Ыстық қайнардың суы минералды заттарға бай әрі емдік қасиетке ие. Тіпті мерзімді тұрде барып тұрмай-ақ, бір түскеннің өзінде апта ішінде бойда жиналған стресті шығарып, жүрек-қан тамырлары ауруларына ем болады. Буын мен терінің саулығына оң әсерін тигізеді. Шонжыда оннан астам пансионат пен демалатын жер бар.