Weekend
Туризм
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматы халықаралық әуежайы
Қазақстандағы алғаш әуежай ғимараты 1936 жылы салынып, 1957 жылы қайта жөндеу жұмыстарынан өтті. Жоба авторы: Б.Заварзин мен Г.Елькин.
Бұл - ұлттық нақышта салынған алғашқы объект. Оған өз үлесін сәулетші Т.К.Басенов те қосқан. 1975 жылы ғимаратқа тағы бір қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба авторы суретші В.Н.Сенченко. Соғыс алдындағы қоғамдық сәулеттің нұсқасы болып табылады. Әуежайдың қазіргі ғимаратында тәулігіне 500 адамға қызмет көрсететін, чартерлі рейстердегі тұтынушыларға қызмет көрсететін бизнес терминал бар.
2004 жылы жаңа жолаушылар терминалы өз жұмысын бастады. Аталмыш терминалға қазіргі заманғы өмірді сақтау және бақылау, ғимаратты басқару, жүзеге асырылып жатқан әуе рейстер туралы ақпарат, жолаушыларды хабардар ету, жүкті іздеу жүйелері, өзін-өзі тіркеу үстелдері орнатылған.
Алматы әуежайы Қазақстандағы ең ірі болып есептеліп, тиімді географиялық жерде орналасқан. Жылына 3млн. адамға қызмет көрсетіледі.
Қазіргі уақытта әуежайға келесі компаниялар ұшып келеді: Сапсан, Жезқазған Эйр, Семей Авиа, Air Astana, Asia Wings, SCAT - Казахстан; ГТК Россия, Rusline, Трансаэро - Россия; Международный авиалинии Украины, Аэросвит, Czech Airlines, Donbass Aero - Украина; Узбекские авиалинии - Өзбекістан; Tajik Air, Samon Air – Тәжікстан; Туркменские авиалинии -Туркмения; Air Baltic - Латвия; KLM - Нидерланды; British Midland International - Великобритания; Lufthansa – Германия; China Southern - Қытай; Mahan Air – Иран; Asiana Airlines - Корея; Air Arabia , Etihad –БАӘ.
«Саяхат» автовокзалы
«Саяхат» автовокзалы 1963 жылдан бері қызметін атқарып келе жатыр.
Өткізгіштік қабілеттілігі – сағатына 15-20 автобус.
Бүгінгі күні автовокзалда 31 бағыт бойынша 11 автопарк қызмет атқарады, оның ішінде 3 қала аралық: Талдықорған-Текелі–Сарыөзек; Самарское (Көкпенты- Күршім-Белое-Үшарал–Аягөз); Чунджа(Сугуты-Көкпек) және 28 қала маңындағы бағыттар: Қапшағай; Туғанбай(Нұра- Жетыген); Шелек(Еңбек- Балтабай-Тескенсу-Қаратұрык); Маловодное; Анатольевка; Жарсу саяжайлары; Қарой; Қосөзен; Ақши(Междуреченск-Чапаевка); Космос(Панфилова-Ключи-Еңбекші-Байтерек-Ават); Қызылту; Ташкенсаз; Алға; Нарынқол; Текес; Кеген; Саржас; Сарбастау; Абай-Саты; Қаратоған; Қошқар; Екпенді; Есік; Талғар-Экспресс; Есік; Талғар саяжайлары; Мирный.
Tемір жол вокзалдары Алматы-1 және Алматы-2
Алматы қаласында екі темір жол вокзалдары бар: Алматы-1 және Алматы-2.
Алматы-2 вокзалы 1936-1939 жылдары салынған. Жоба авторлары: сәулетшілер А.П.Галкин, М.Кудрявцев; суретші И.В.Вахек. 1977 жылы ғимаратқа қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Азаматтық және қоғамдық сәулеттің нұсқасы болып табылады. Қаланың орталығында орналасып, жолаушыларды барлық бағыттарға жіберу үшін бас нүкте: Мәскеу, Новосибирск, Нукус, Екатеринбург бағыттарына тура жіберіледі; халықаралық бағыттарға Үрімшіге; жергілікті – Астана, Шымкент, Петропавл, Атырау, Защита, Жезқазған, Маңғышлақ, Орал бағыттарына.
Вокзалға демалыс және жұмыс күндері 5 мыңға жуық адам кіреді. Жаз мезгілінде жолаушылар ағыны тәулігіне 10 мың адамға дейін өседі.
Алматы-1 темір жол вокзалы 1976 жылы салынған. Жоба авторлары: сәулетшілер С.А.Мхиторян, З.М.Солдатова; инженерлер С.А.Филиппов. Азаматтық және қоғамдық сәулеттің нұсқасы болып табылады.
Жолаушыларды бес бағытта жіберу үшін бас нүкте: Түркістан, Локоть, Шенгелді, Луговая, Мойынтыға тура, жергілікті және халықаралық бағыттарға.
Алматы-1 вокзалында Ақтөбеге, Қостанайға, Қарағандыға, Павлодарға, Новосибирскке бағытталған пойыздар құрамы құрастырылады, Алматы-2 вокзалынан шыққан пойыздар өтеді. Оған қоса транзиттік пойыздар да өтеді: Новосибирск-Ташкент, Новокузнецк-Бішкек, Семей-Қызылорда.
Жолаушылар қызмет көрсету көлемі - тәулігіне 6650 жолаушы.
Вокзалдарда бос орындар, жолдың ұзақтығы, пойыздың жіберілу және келу уақыты жайлы ақпаратты жолаушыларға ұсыну мақсатында ақпараттық киоскілер, билеттерді төлем картасы арқылы сатып алуға болатын транзакциялық өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары, темір жол пойыздарында жолаушылар тасымалдау, жүк тасымалдау ережелері көрсетілген ақпараттық тақтайшалар орналастырылған.
Вокзалдар ішінде: билет сату кассалары, күту залдары, VIP – залдар, бала және ана бөлмесі, кофе және шәй сатып алуға болатын құрылғылар, төлем терминалдары, ақша айырбастау нүктелері, шаш қию бөлмелері, дәретханалар, сақтау камералар, дәріханалар, медициналық бекет, мейрамхана, кафе, асхана, сату бөлімдер, баспа өнімін сататын нүктелер, сөйлесу нүктелері, мини-дүкендер бар. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында вокзалдар бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Көліктегі полицияның кезекші бөлімі қызмет етеді.
«Сайран» халықаралық автобекеті
Алматы қаласында екі автобекет бар – «Сайран» халықаралық автобекеті мен «Саяхат» қала жанына жүретін автобекет.
«Сайран» халықаралық автобекеті жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмысын 1983 жылы бастады. Күн сайын мұнда 2 500-3 000 адамды қамтитын 260 автобус келіп кетеді. «Сайран» автобкеті – Қазақстан Республикасының барлық қалаларына, жақын және алыс шет елдерге қатынайтын автобустар орталығы. Барлық маршруттардың жайлы автобустарында 7 жылдан аса еңбек өтілуі бар жоғары машықталған жүргізушілер қызмет көрсетеді. Олар жұмысқа кірісуге рұқсат алу үшін, жолға шығу алдында, міндетті түрде, медициналық тексеруден, ал автокөлік әр рейстің алдында техникалық тексеруден өтеді.
Автобекетте 51 маршрут, оның ішінде 4 халықаралық, 27 облысаралық және 20 қала маңындағы маршруттар халыққа қызмет көрсетеді. Автобустар қозғалысының кестесі .
7 жасқа дейінгі балаларға жүру тегін, 12 жасқа дейін – туу туралы куәлігін көрсеткен жағдайда, билетке 50 % жеңілдік бар. 32 килограммға дейін жүкті тегін алуға болады.
Бекетте ана мен баланың бөлмесі, сақтау камерасы (тәулік бойы), қонақ үй, кафе, темір жол билеттерін сату кассасы, айырбастау пункті, компьютерлік клубы, химиялық тазалау, кір жуатын бөлме және душ кабиналары бар.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61