Саясат
Бақытжан Сағынтаев мәлімдеме жасады
«Ел Үміті» жобасы ел бойынша 1000 талантты, дарынды әрі іскер жастарды іріктеуге көмектеседі. Олар өз тәжірибесімен бөлісе отырып, өзінің үлгісінде құрдастарын табысқа ұмтылуға жігерлендіріп, өзіне сенуге, талантын паш етуге көмектеседі.
Бақытжан Сағынтаев жастарды үнемі өздігінше жұмыс істеп, жаңа белеске қол жеткізіп, коммуникабельді әрі белсенді болуға шақырды. Сонымен қатар ол баршаны көшбасшы болуға әрі болашаққа батыл мақсаттар қоюып үйренулерін жеткізді.
Алматыда 700 мыңға жуық жас адам тұрады, яғни қаланың әрбір үшінші тұрғыны – жастар. Оның 230 мыңнан астамы – студенттер. Олар 39 жоғары оқу орнында және қаланың 81 колледжінде білім алады.
«Талант пен энергия, креативті қабілеттер қаламыздың бәсекеге қабілетті ең күшті артықшылығы болып табылады. Біз мұны түсінеміз және бағалаймыз. Алматы жастардың мәселелерін шешеді, яғни жұмысқа орналастырады, кәсіби дағдылар береді, бизнес бастамаларды қолдайды. Біз қаланы жас ұрпақтың өзінің «Алматылық арманын» іске асыра алатындай етіп дамытатын боламыз», – деп атап өтті қала әкімі.
«Ел үміті» форумында Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Шымкент пен Алматының белсенді жастары Елбасының ғылым мен білім, бизнес пен медицина, мәдениет және спорт, экономика және қоғамдық өмір салаларындағы қолдау бағдарламаларының арқасында қол жеткізген табыстары туралы әңгімеледі. .
Естеріңізге сала кетейік, Бақытжан Сағынтаев «Ел үміті» дарынды жастар форумының эстафетасын Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевпен бірге қабылдады.