Weekend

Алматыда қандай мәселелер шешілуі тиіс – Cағынтаев жауап берді

Алматы әкімі негізгі міндеттерді атады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың қатысумен кеңес өткізді. Жиында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мәселелері қарастырылды.

Қандай мәселелер шешілуі тиіс?

Негізгі міндет – қызмет көрсетудің сервистік үлгісіне басымдық бере отырып, Алматы полициясының жұмысын қайта құру. Учаскелік инспекторлар, патрульдер қала тұрғындары мен қонақтарына олардың мәселелерін шешуге көмектесулері тиіс.

Бақытжан Сағынтаев қоғамның басты талабы – сапалы және қолжетімді медициналық қызмет, білім мен қоғамдық қауіпсіздік екенін атап өтті. Сондықтан осы мәселелерді қамтамасыз ету керектігін жеткізді.

ІІМ-нің басшысы полицияның жедел басқару орталығын модернизациялау және ЖБО-да видеобақылау жүйесін интеграциялау жоспарлары туралы айтты. Жол оқиғалары ерекше назар аударуды қажет етеді. Жыл басынан бері қарай мегаполисте 4 мыңға жуық ЖКО болған.

«Біз қазіргі кезде халық саны мен автомобиль трафигінің көп болуына қарамастан пәрменді шараларды қолдана отырып, жолдардағы апаттар мен өлім-жітімді күрт азайтқан шетелдің тәжірибесін белсенді түрде үйренудеміз», - деп атап өтті ІІМ-нің басшысы.

Қала әкімдігі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, оның ішінде заманауи мегаполистердің озық тәжірибесін пайдалана отырып, жол инфрақұрылымын қайта құру жөнінде полицияның бастамаларын қолдайтын болады. Бұлар - «вафельді» белгілер, жолақтар бойынша бұрылыстардағы қозғалыстардың нүктелері, қосымша бағдаршамдар және магистральді көшелердегі бөлгіш қоршаулар.

«Адам өмірін ақшамен өлшеуге болмайды. Қаланың көлік инфрақұрылымы қозғалыстың барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдайларды жасауы қажет», - деп атап өтті Б. Сағынтаев әрі қалалық мобилділік басқармасына бұл мәселені полиция департаментімен бірге шешуді тапсырды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61