Weekend
Қалада 930 проблемалық жер учаскесі анықталды
Қалада аумағы 2 есеге, 68 мың 351 гектарға дейін кеңейген. Ол қазіргі уақытта 4 аймаққа бөлінген шаһарда көрсетілетін қызметтердің саны артып келеді. Мысалы биылғы 9 айда тұрғындарға 14 500 қызмет көрсетілген. Ал цифрландыру аясында жыл басынан бері 1087 қызмет онлайн көрсетілген.
Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетовтің айтуынша, биыл қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзі бүкіл аудандарға барып шыққан. Аудандарда көбінесе жер мәселесі көтерілген. Соның дені Алатау, Жетісу аудандарында. 1-2 айдың ішінде Алатау ауданы туралы айтатын болсақ, 930 проблемалық жер учаскелері табылған. Солардың 724-і шешілген.
Жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалар арасында тұрғындардан жер мәселесіне қатысты 351 хаттама толтырылды. Бүгінде тұрғындар арасындағы дау болған мәселелер департамент және қалалық соттың қатысуымен шешіліп жатыр.
Қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Азат Исламовтың айтуына қарағанда, 2019 жылдың қорытындысына сәйкес, қазіргі таңда 70 жер учаскесін пайдаланбағаны үшін алып қою туралы шешім қаблданған. Аталған жер учаскелері ілгері уақытта құжаттары берілгеннен кейін сот орындаушыларымен сауда саттыққа шығарылатын болады. Сауда саттық негізінде басқа адамдаға сатылады.
Жиналыс кезінде басқарма басшылары 2019 жылды қорытындылады.