Weekend

Daryn.online: Репетитор мен қосымша сабақтың қажеті жоқ

Қоғам талабын қанағаттандыра аламыз ба?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде білім саласында олқылықтың көп екенін айтып та келеміз, жазып та келеміз. Тіпті үлкен мінбеде де көтерілді. Себебі баланы мектепке білім алуға жіберетін ата-ана оны міндетті түрде кейін қосымша сабаққа апаруға жүгіреді. Бұл мектеп қабырғасында берілетін білімнің жоқтығында емес, жүйесіз білім берудің салдарынан туындаған мәселе. 

Елімізде мемлекеттік мектептерден бөлек әр қала, облыс және аймақтарда жекеменшік орталықтар, қосымша сабақ беретін мұғалімдер мен репетиторлар бар. Бұлардың саны күн санап өспесе, азайып жатқан жоқ. Ал дәл қазіргі технология дамыған заманда үлкен мақсат пен арманға жол алған елдер онлайн білім беру платформасына ауысып жатыр. Осы ретте Daryn.online білім беру платформасы да отандық өнім ретінде өзінің жемісті еңбегін көрсетіп келеді.

Репетитор мен қосымша сабақ

Репетитор балаңызды «оқытамын, тоқытамын» деп сіздің қалтаңыздағы ақшаға көз салады. Бастысы нәтиже емес, баланың күнделікті сол репетитордың сабағынан қалмауын қадағалап, «оқып жүр» деген түсінікті ата-ананың санасына сіңіру. Шындығында бала да білім алған жоқ, ақша да далаға кетті. Неге? Қазір заманның өзгергенін кейінгі ұрпақ жақсы сезінеді және сол қатарда өмір сүріп келеді. Ендеше бізге өткеннен қалған, қоғамның талабына сай келмейтін білім берудің түрлі тәсілдерін қайта-қайта ұсына берудің қажетін қанша? Керісінше дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа білім платформасын қалыптастыру керек.

ХХI ғасырда жеке тұлғаның өзін бағалауы, өзіне есеп беруі трендке айналды. Мәселен осы білім саласын алайық. Бала мектепке немесе репетиторға білім алу үшін ғана баруы керек. Оны бағалайтын және нақты бағасын беретін де баланың өзі болуы керек. Ал бізде олай емес. Бізде бала емес репетитор берген бағаға қарап ата-ана пайым жасайды және көп ақша төлеуге де тартынбайды. Егер қосымша сабақ пен репетиторлар болмаса, онда балаға нақты білім алу үшін, өзі үйреніп, өзін-өзі бағалауы үшін біздің елде қандай жағдай жасалған болуы мүмкін?! Бұл сұраққа жауап беру үшін және осы сұрақ айналасында бірнеше жыл жұмыс жасаған «Daryn.online» компаниясы өздерінің онлайн білім беру платформасын жасап шықты және қазір республика бойынша барлық облыста серіктестер арқылы жұмыс істеп отыр.

Онлайн платформада бала мен ата-ана арасындағы байланыс үзілмейді. Тікелей бақылауда болмай-ақ, оқушы онлай білім беру платформасында өзіне керегін ғана алып қоймай, шығынды да азайтады. Ата-ана баласының білімін тексеру үшін және оны өзі қадағалап отыруы үшін барлық мүмкіндік жасалған.

Өткен мақалада сіздерге платформаның бір айда жеткен жетістігімен бөліскен болатынбыз. Құстай ұшып бара жатқан қоғамның көшіне ілесу үшін, сол қоғам сұраған талапқа сай әрекет ету керек. Daryn.online білім беру платформасы сіздерге тек білім беріп қана қоймайды, қосымша сабақта айтылмайтын, репетитордің мүмкіндігі жете бермейтін креативті идеяларды интеллектуалды ойын түрінде ұсынады.


Балаңыздың дарынды болғанын, білімді және қабілетті болғаныңын қаласаңыз, Daryn.online білім беру платформасына жазылыңыз!