Саясат

Жетісу ауданы: Алматы әкімдігі 309 үйді заңдастыруды қолға алды

Қаладағы Жетісу ауданында 309 үй заңдастырылатын болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 6 желтоқсан күні Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы ол Іnstagram желісіндегі парақшасында жазды.

Аталмыш жиын «Кемел» шағын ауданында өтті. Қазіргі кезде тұрғындарды негізінен әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым мәселелері алаңдатып отыр.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, бұл мәселелер «Шетсіз қала» қағидасына сай шешілуде. Ол Палладин көшесіндегі 309 үйді заңдастыру мәселесін жүйелі түрде шешкенін айтты. 99 құжат жер комиссиясының қарауына ұсынылды, қалғандары бойынша жұмыс жүруде. 2021 жылдың соңына дейін 152 көшеге 160 шақырым су құбыры және кәріз желілерін тартамыз деп жоспарлағандарын айтып өтті. Соның арқасында тұрғындар ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі екен. «Алатау жарық компаниясы» балансына иесіз 66 шақырым электр желісі беріледі. Бұл проблемалар тұрғындармен алғашқы танысу кездесуінде де айтылған болатынын әкім жеткізді. Ол оларды шешу үшін бағдарламаларды түзеттік және бюджетті қайта қарадық деді. Мәселелерді тиімді шешу үшін аудан әкімдіктерінде «ашық есік күнін» өткізетін уақыт анықталып, тұрақты түрде өтеді.